СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ
<
введите текст
Список пуст
введите текст
жаңалықтар
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері
27–28 ақпанда Педагогикалық шеберлік орталығы департаменттің қызметкерлерімен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты - мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында сабақты тиімді бақылау және кері байланыс жасау дағдыларын жетілдіру болып табылады. Сабақ барысында Петропавл қ. ПШО филиалының тренері Надия Кадыровна Батырова мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тиімді оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау аспектілері, сабақты жоспарлаудағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Практикалық сабақтар деректерді жинау және талдау әдістерін, конструктивтік кері байланысты ұсыну және мұғалімнің рефлексивтік тәжірибесін дамытуға бағытталған.