Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Ұстаздың құқығы мен мәртебесі Заңмен қорғалады

Ресми құжатта мұғалімдердің кәсіби еңбегіне жатпайтын басқа қызметтерге тартуға жол берілмейді. Педагогтан заңда көрсетілмеген қандайда бір форма түріндегі есепті немесе ақпаратты талап етуге тыйым салынады. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 «COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарынан, педагогтерден қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салынып, білім беру ұйымдарына бара отырып, түрлі тексеру (мониторингтік) іс-шараларын өткізуді тоқтатылсын делінген. Бұл туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшыларына аталған заң және бұйрық талаптарын қатаң орындалуы туралы Солтүстік Қазақстан білім басқармасында өткен кеңесінде айтылды. Ұстаздар құқығын бұзғандар заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, мұғалімдерді еріксіз баспасөз басылымдарына жаздыртуға тыйым салынады.
Құрметті ұстаздар! Егер «Педагог мәртебесі туралы» заңның бұзылу фактілері болған жағдайда Солтүстік Қазақтан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне төмендегі байланыс телефоныны хабарлауыңызды сұраймын: 87057012374, 87025905829


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь