Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Апта жаңалықтары (27-30.04.2020)

Елімізге енгізілген төтенше жағдай кезінде білім беру саласында қашықтықтан үздіксіз күнделікті жұмыс жүргізілуде.
Осы аптада Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Сұрағанова қашықтықтан 2 кеңеске қатысты:
1) 2020 жылғы 27 сәуірде Облыстық білім басқармасының кеңейтілген кезекті алқалық мәжілісіне
Онлайн форматта өткізілген кеңес өте ұтымды және ыңғайлы өтті. Алқа барысында күн тәртібіне бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Ең бастысы оқу жылының аяқталуына байланысты ақпарат берілді. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары
үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын 1-10-сынып оқушыларына қатысты 1 БЖБ мен 1 ТЖБ өткізілетін болады. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатқанын бөлім басшысы В. Черных баяндады. Айта кету керек, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет емес. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады.
Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беру керек.
Алқа қатысушылары оқушылырдың жазғы сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы, білім мекемелерінде уақтылы күрделі жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалануы туралы және т.б. мәселелерді қарастырып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.



2) 29 сәуірде бейне конференция арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағалығымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес
Бұл шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талдау, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі бағыттарын түсіндіру болды. Екі жүзден астам аудиторияны қамтыған кеңесте білім саласында қызмет ететін азаматтарға маңызды баяндама жасалды.
Кеңес барысында білім беру саласындағы көп көлемдегі заң бұзушылыққа ерекше назар аударылды, республика бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкелетін деректер талқыланып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы К.Сарсембаев қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мониторингіне, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді және осы бағытта мақсатты жұмыс жүргізуді күшейту керектігіне баса назар аударды.
Білім саласындағы қызметкерлердің өз міндеттерін атқару барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мен алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы айтып өтті. Осы жұмыстың шеңберінде білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірлескен ашық ынтымақтастықта тұрақты жұмыс жүргізуді ұсынды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь