Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

2020 жылғы 3 қыркүйекте СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлері онлайн режимде СҚО әкімдігі білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Семинар барысында Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М.А. Панарина «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты түсініктемелер берді (бұдан әрі – БТ). Атап айтқанда, түзетулер педагог кадрлардың сапалық құрамы, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, мысалы, бейнебақылаудың міндетті болуы жөніндегі талаптарға қатысты болды, сондай-ақ ұлттық білім беру дерекқорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі туралы талап қосылды.
Семинар қорытындысы бойынша департамент БТ-ның енгізілген түзетулерді ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының барлық басшыларының назарына жеткізуді және олардың қызметін БТ-на сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь