Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 19 қарашадағы "2020 жылы білім беру ұйымдары педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу туралы" № 491 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 23 қараша мен 21 желтоқсан аралығында Петропавл қаласындағы "UStudy" компьютерлік тестілеу орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы базасында облыс педагогтерінің ұлттық біліктілік тестілеуі өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес тестілеу рәсіміне бақылаушы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары тартылған.
Тестілеуге мектеп, қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, сондай-ақ алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, білім беру ұйымдарының директорлары қатысады.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық дәрігерлер ұсынған шаралар сақталады: кіреберістегі термометрия, маскалар мен қолғаптардың болуын тексеру, қашықтықты сақтау.
Тестілеу процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі, жазба жүргізіледі, соның арқасында тестілеу қағидаларының барлық бұзушылықтары қадағаланады.
2020 жылғы 23-30 қараша аралығында тестілеуге облыстың 368 педагогы қатысты, олардың 6-ы тыйым салынған заттарды - телефондар мен шпаргалкаларды пайдаланғаны үшін және аудиторияда тестілеу ережесін бұзғаны үшін нәтижелері жойылды, тәртіптік жазалар қолданылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне күн сайын тестілеудің әрбір күнінің қорытындылары туралы мәліметтер келіп түседі, олардың негізінде Министр А.Аймағамбетовке қызметтік жазба жасалады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты біз облыс педагогтеріне тестілеуді өткізу ережелерін бұзуға жол бермеуге шақырамыз, өйткені мұндай әрекеттер мұғалімнің жоғары атағымен үйлеспейді.
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Аульбеков Дулат Карабаевич
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау