Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі басымдыққа ие

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердегі бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуды100% - ға дейін жеткізуді тапсырды.
Балаларды оқыту үшін қауіпсіз және салауатты жағдайларды ұйымдастыру мәселесі бүгінде өте өзекті. Бұл көптеген факторларға байланысты: кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс деңгейінің жоғарылауы, мамандандырылған күзет штатын ұстау мүмкін еместігі және басқалар. Мектепте бейнебақылау осы мәселелерді шешуге көмектеседі, сондай-ақ қазіргі заманғы білім берудің басқа да маңызды міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бейнебақылау жүйесі білім беру ұйымдарының үй-жайларындағы және оған іргелес аумақтардағы ахуалға бақылау жүргізуге, жағдайды бағалауға және адамдар мен объектілерді сәйкестендіруге, сондай-ақ объектіге рұқсатсыз ену фактісін көзбен шолып растауға мүмкіндік береді.
2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша СҚО-да 475 білім беру ұйымының тек 280-і ғана бейнебақылау жүйесіне ие болды, бұл 58,9% - ды құрады.
2020-2021 оқу жылында облыста 469 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп және 1 жеке меншік мектеп, 61 мемлекеттік балабақша және 13 жеке меншік балабақша жұмыс істейді.
ҰБДҚ мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында барлық орта білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Барлық 469 жалпы білім беретін мектептерде ішкі және сыртқы бейнебақылау және Петропавл қаласының №19 бастауыш мектебінде тек сыртқы бейнебақылау бар. Облыстың 74 балабақшасында бейнебақылау бар.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау
«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Бұрын орнатылған бейнебақылау жүйелерін жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Аульбеков Дулат Карабаевич



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь