СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ
<
введите текст
Список пуст
введите текст
жаңалықтар
ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР
2020 жылдың 11 желтоқсанында білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеу үшін Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арасында кезекті семинар-кеңес өткізілді. Білім беру ұйымдарындағы профилактикалық бақылау кезінде қолданылатын Президент жарлықтарының, кодекстерінің, үкімет қаулылары мен бұйрықтарының ережелерін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті басшылығының аумақтық департаменттерге ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік бақылау материалдарын талдау нәтижелері бойынша жасаған ескертулері талқыланды.