2022 жылы 114 оқу орнында мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарлануда. Соның ішінде: 10 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы, 94 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы, 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы.
2022 жылдың қаңтар айында 5 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
МЖМБС бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін 4, 9, 11-сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізіледі.
3 ақпанда үш мектепте кешенді тестілеу өткізілді: Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінде, Есіл ауданындағы Ақтас негізгі мектебінде, Аққайың ауданындағы Шағалалы орта мектебінде.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау