Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Консультативтік-кеңесші органның отырысы

СҚО білім саласында департамент жанында құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі консультативті –кеңесші органның 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы және жалпы білім мекемелерінде құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы кеңейтілген отырыс ZOOM желісі арқылы өткізілді. Кеңеске ҚСО құрамы, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері қатысы.Сонымен қатар күн тәртібінде  Айыртау ауданы бойынша кеңестердің жұмысы туралы білім бөлімінің басшысы Балжан Баймағамбетова және Петропавл қаласының №6 Қожаберген жырау атындағы мектептің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Даурен Тастанбеков тәжірибесімен бөлісті. 

2022 жылғы 5 қаңтардан 20 қаңтарға дейінгі кезеңде облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің қызметіне мониторинг жүргізілді. Басқарма және білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 553 Кеңес жұмыс істейді, оның ішінде:

- ТжКБ ұйымдарындағы 19 Кеңес;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы 74 Кеңес;

- 28 қосымша білім беру ұйымдарындағы және басқалардағы кеңестер (өнер мектептері, спорттық клубтар, ППТК, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары);

- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында 432 Кеңес.

Кеңестердің құрамына: 1594 педагог, 474 әкімшіліктің, білім бөлімінің өкілдері, 856 кәсіподақ және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) білім беру саласында қызмет ететін қоғамдық бірлестіктердің өкілдері; 624 мұғалім зейнеткерлікке шықты.

Барлығы 1296 отырыс өткізілді. 2021 жылы білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестеріне 160 өтініш түсті. Мұғалімдердің тәртібі білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінде қаралады.

Кеңестердің ұсынысы бойынша 20 мұғалімге ескерту, 23 мұғалімге сөгіс, 14 мұғалімге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазалар қолданылды.

Жалпы, ұсынылған мәліметтерді талдау білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылғанын, бірақ кейбір жағдайларда Ереженің жекелеген тармақтарын бұза отырып жұмыс істейтінін көрсетеді. Отырыста кеңестердің жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің No190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес сәйкестендіру бойынша ұсыныстар айтылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь