МЖМБС бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін 4, 9, 11-сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізіледі. Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар болмаған жағдайда, оқыту нәтижелерін бағалау жоғары сынып және курс білім алушыларымен өткен оқу материалына сәйкес жүргізіледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалау компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу технологиясы бойынша жүргізіледі.
2022 жылдың 10 ақпаны мен 15 ақпаны аралығында облыстың 10 мектебінде кешенді тестілеу өткізілді: Аққайың ауданының 3 мектебінде (Куйбышев бастауыш мектебі, Аралағаш орта мектебі, Шағалалы орта мектебі), Мамлют ауданының Воскресеновка орта мектебінде, Қызылжар ауданының 2 мектебінде (Асанов орта мектебі, Новоникольский бастауыш мектебі), Ақжар ауданы Ленинград орта мектебінде, Жамбыл ауданы С.Мұқанов атындағы орта мектебінде, Тайынша ауданы Амандық орта мектебінде және Петропавл қаласындағы No19 бастауыш мектепте. Кешенді тестілеуге барлығы 238 оқушы қатысты. Оның ішінде: 3 сынып – 4 оқушы, 4 сынып – 116 оқушы, 9 сынып – 64 оқушы, 10 сынып – 3 оқушы, 11 сынып – 51 оқушы.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау