Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Жалпы білім беретін мектептерді мемлекеттік аттестаттау

2022 жылдың 15 ақпаны мен 25 ақпаны аралығында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жетекшілік ететін сараптау комиссиялары облыстағы 6 жалпы білім беретін мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өткізді: Аққайың ауданындағы Шағалалы орта мектебін, Қызылжар қаласындағы Бәйтерек орта мектебін, Есіл ауданындағы Ақтас негізгі мектебін, Мамлют ауданы Воскресенов орта мектебін, Аққайың ауданы Аралағаш орта мектебін, Жамбыл ауданы С.Мұқанов атындағы орта мектебін.

Барлық аталған мектептерде әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (бұдан әрі – МЖМС) бұзу фактілері анықталды, осыған байланысты сараптама комиссиялары оларды аттестаттаудан өткізбеу туралы шешім қабылдады.

 

Жұмыс оқу жоспарлары мен оқу кестесінің Үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуі; білім алушылардың үлгерімін ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау кезінде жол берілген бұзушылықтар; жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші және  педагог-шебер оқытушылардың үлес салмағы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; мектепке дейінгі шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптары тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне мониторинг жүргізуге байланысты бұзушылықтар – мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына ең жиі анықталған сәйкессіздіктер тізбесі.

 

Аттестаттаудан өтпеген мектептердің ұжымдары анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын құруы және осы жоспарды орындау мерзімін анықтауы тиіс. Мектептерге қайталама қорытынды жоспарды іске асыруды Департамент қызметкерлері тексергеннен кейін беріледі

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь